Орналасқан жері
Жерлеу Рождественка ауылдық округінің Розовка ауылында орналасқан.
Розовка - Павлодар ауданындағы ауыл, Рождественка ауылдық округі орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км жерде орналасқан.
Розовка ауылын 1909 жылы Семей облысының Павлодар уезінің Рождественский болысында қоныс аударған шаруалар негізін қалаған және оның атауын Украинадағы туған ауылдары Розенфельд атауына (нем.аударғанда "қызғылт өріс") сәйкестендіріп қойған.
1928 жылға дейін Розовка Павлодар уезінің Первомай болысының Рождественский ауылдық кеңесінде болды.
Розовкада бұрынғы Киров атындағы
сүт колхозының орталығы орналасты. 1928 жылы ауылда алғашқы колхоз құрылды, содан кейін ол трудколония деп аталды.
1936 жылдан бастап артель Киров атындағы колхоз деп аталды.
1951 жылы оның құрамына "Жаңажол" колхозы (Максимовка ауылы), ал 1964 ж. Ленин (Рождественка ауылы) енді. Рождественка ауылдық кеңесі 1928 жылы Рождественка ауылында құрылды және кейіннен Розовка ауылына ауыстырылды. 1964 жылға дейін Розовка ауылы Успен ауданында болған.
Жерленген адамдар саны (белгілі болса)
белгісіз
Жақын жердегі елді мекен
Розовка ауылы Садовая к-сі
Қысқаша сипаттама (ескерткіш тастың, қоршаудың бар-жоғы)
Ескерткіш белгі жоқ, жерлеу христиан зиратының қоршалған аумағында орналасқан. Ескі тұрғындардың айтуынша, негізінен ҰОС жылдары жер аударылған ингуштар жерленген.