Географиялық координаттар (ұзындық, ендік)
Жерлеу Саты ауылдық округінің Абай ауылында орналасқан.
Саты - Май ауданындағы ауыл, Саты ауылдық округінің орталығы. Елді мекен Қызыл Октябрь елді мекенінен 7 км қашықтықта Ертістің сол жағалауының Жайылма аймағында орналасқан, ауылдық округтің орталығы (1957 жылға дейін ауылдық кеңес Саты ауылында болған).
1929 жылы Саты ауылында "Қазақстан" колхозы, ал бірнеше жылдан кейін – Абай атындағы колхоз құрылды. 1951 жылы ұжымшар құрамына кірді. Оған "Жұмыскер" (Қоңқар ауылы) және "Қазақстан" колхоздары қосылды. 1957 ж. Абай атындағы совхоз Чапаев атындағы совхозға біріктірілген.
Жерленген адамдар саны (белгілі болса)
белгісіз
Жақын жердегі елді мекен
Саты ауылдық округі, Абай ауылы
Қысқаша сипаттамасы
Ашаршылық жылдары жерленген адамдардың зират басы 2018 жылы ауыл адамдары қоршау орнатты. 2020 жылы саты ауылында Ардагерлер аллеясында ашаршылық жылдары қаза болғандарға мраморлық тақта орнатылды.