Фото жоқ
Орналасқан орны
Жерлеу Тохта ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан (бұрынғы "Голубовский" совхозы).
Голубовка – Павлодар уезінің Голубов болысының орталық мекені, 1928 жылға дейін сол уездің Новоиванов болысының құрамына кірді, 1928 жылдан бастап – Павлодар округінің Ертіс ауданының, ал 1932 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысының, 1938 жылдан - Павлодар облысының құрамында. Ауылшаруашылық санағының мәліметтері бойынша 1917 жылы Голубовкада 269 аула болды, 1058 адам өмір сүрді.
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдары бойынша Голубовский ауылдық кеңесінің Голубовский кентінде 318 шаруашылық болған, 1586 адам тұрған (оның ішінде 807 – еркек және 779 – әйел жынысты).
Голубовский ауылдық кеңесіне Голубовский, Аввакумовский және Красный ауылдары кірді. 1929 жылы Голубовкада Калинин атындағы колхоз құрылды, оның құрамына 1950 жылы Молотов атындағы колхоз қосылды (Молотово ауылы).
Қариялардың мәліметтері бойынша Голубовка ауылының округінде дәстүрлі түрде Қыпшақ руынан шыққан Айтқұлжадық ұрпақтары қоныс тепкен.
Әйтеке - қазіргі Голубовка ауылынан батысқа қарай 1,2 шақырым жердегі Әйтеке көлінің маңында орналасқан ауыл. Ауылдың атауы ақсақалдың есімімен байланысты. Ауыл 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық жылдары жоғалып кетті. Сол кезде ондаған қазақ отбасылары аштықты сезініп, жақындарынан айырылып қалған, бейбақ-бейшара кейпінде отбасыларын аман алып қалу мақсатында Омбы облысының шекаралас аудандарына бас сауғалағаны қатал тарихи шындық. Басқа отбасылар оларға жақын Голубовка ауылында тұратын орыс қоңыс аударушыларға қосылды. Голубовка тұрғындары - Екатеринославскіден (қазір Днепропетровск облысы), Ставрополь, Харьков, Каменецк-Подольск және Киев губерниясынан қоныс аударушылар үлкен қиындықтарға тап болса да аштықты жеңе алды.
КОСР ОАК және БОАК төрағасы М.И. Калининнің кеңсесінің материалдары бойынша тұқымдық материал мен азық-түлік нанңын алуына қатысты шаруа шағымдарының құпия мәліметтерінен. 1932 жылы 2 сәуірде "Бұрынғы Павлодар округі Ертіс ауданы Голубовка кентінен БОАК-қа шаруалар тобынан келіп түскен хат: "Біздің Голубовка ауылы зиянкестердің кесірінен аштыққа ұшырады. Қазіргі уақытта адамдар аштықтан қырылып жатыр. Олар жылқы, ит және кез-келген сасық етпен қоректенеді... Ауылды контрреволюциялық бүлікшілер басқарды. Барлық кедейлер зиянкестердің қысымына ұшырайды және олардың еркіне қарсы сөйлеу ғана емес, ойлау да мүмкін емес". Голубовка ауылының азаматтары оларға егін жинау жоспарларының берілуін зиянкестік деп түсіндіреді: "Нан бүлікке дейін тапсырылды, ал ауыл аштыққа ұшырауда. Қазіргі уақытта біздің Одақта не болып жатқанын елестету қиын. Адамдар барлық жерден бұзылған ет жинап, жейді. Аштықтан өлгендер (Сорока, Белый және т.б.) екінші ай жерленбей жатыр... 325 ауладан тек 100-і ғана қалды, қалғандары аштықтан қашып кетті".
Жерленген адамдардың саны (егер белгілі болса)
белгісіз
Жақын елді мекен
Тахта Ауылы
Қысқаша сипаттамасы (ескерткіш тастың, қоршаудың болуы)
Металл қоршау бар