Орналасқан орны
Жерлеу Майқоңыр (бұрынғы Кіші Мойнақ ауылы) ауылының жанында орналасқан.
Кіші Мойнақ шатқалында 1908 жылы қоныс аударушы шаруалар негізін қалаған Горностаевское болды.
Кіші Мойнақ шатқалы кішігірім, қамыс арасында ағып жатқан, көптеген суда жүзетін құстар кездесетін Мойнақ көлінің атауы бойынша аталып кеткен. Көлге жақын жерде қыпшақ руының батыры Мойнақтың бейіті орналасқан.
1920 жылы Горностаевка ауылында "Заря" коммунасы ұйымдастырылды. Бұл 1917 жылдан кейін пайда болған "жаңа революциялық өмірдің таңы" секілді идеологиялық атауларының бірі.
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдары бойынша Семей губерниясының Павлодар уезі Ертіс болысының Новороссийск ауылдық кеңесінің Горностаевка деревнясында 51 шаруашылық 306 адам тұрған (оның ішінде 157 – еркек және 149-әйел жынысты). Елді мекенде алғашқы коммунистік ұяшықтың құрметіне стелла орнатылған.
Жерленген адамдардың саны (егер белгілі болса)
белгісіз
Жақын елді мекен
Майқоңыр Ауылы
Қысқаша сипаттамасы (ескерткіш тастың, қоршаудың болуы)
Қоршаулар бар