Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жерленген жерлердің картасы

Орналасқан орны

Жерлеу Павлодар облысының солтүстігіндегі Ертіс ауданындағы Бурягин-1 Набережная көшелерінің қиылысында орнааласқан. 1961 жылдан бастап Ертіс қалалық кенті, кейін 1973 жылдан бастап аудандық бағыныстағы қала, 1993 жылы ауылдық елді мекен болып қайта құрылды. 1928 жылдан бастап аудан орталығы, Ертіс ауылдық округінің орталығы, Ертістегі айлақ болғаны белгілі.

Елді мекен 1913 жылы Красный Яр ауылының орнында алғашқы қоныс аударушылар, яғни кубандық казактармен Ертіс атауымен негізін қалаған (1911 ж.), 1914 жылдан бастап – Ертіс кенті, 1920 жылдан бастап – Семей облысының Павлодар уезінің аттас болысының орталығы Ертіс ауылы пайда болды. 1928 жылдан Павлодар округінің Ертіс және Қызылағаш аудандарының орталығы, ал 1932 жылдан – Шығыс Қазақстан облысы, 1938 жылдан-Павлодар облысы.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдары бойынша Ертіс болысының Ертіс ауылдық кеңесінің Ертіс ауылында 626 шаруашылық есептелді, 3175 адам тұрған (оның ішінде 1539 – еркек және 1636 – әйел жынысты).

Ертіс ауылдық кеңесіне келесі елді мекендер кірді: №2 Совхоз, Якименко хуторы, Субач ауылы, Ертіс ауылы және Кубан кенті. 1939 жылы Ертіс ауданында механизация мектебі ашылды.

       XX ғасырдың 30-50-шы жж. Ертісте  Чкалов атындағы (Құлан ауылы) және 18-ші партсъезд атындағы (Сарыбай ауылы) колхоздарға қызмет көрсеткен МТС орналастырылды.

 1954 жылы "Ертіс" елді мекен совхоз болып құрылды. 1958 жылы совхоз таратылып, оның негізінде "Ертіс" бордақылау сүт пункті құрылды.

1958 жылы МТС АТС болып қайта құрылды, ал 1961 жылы жойылды және оның міндеттері "Казсельхозтехникаға" берілді.

1977 жылы бордақылау пункті "Суворов" совхозына берілді. Ертіс ауылдық округіне 1994 жылға дейін – Ертіс ауылдық кеңесі (1920 жылы құрылған), тек бір ғана елді мекен – Ертіс кіреді.

Жерленген адамдардың саны (егер белгілі болса)

белгісіз

Жақын елді мекен

Ертіс ауылы

Қысқаша сипаттамасы (ескерткіш тастың, қоршаудың болуы)

Бетон плитасы, металл қоршаулар бар