Орналасқан орны
1997 ж.Егіндібұлақ ауылының маңындағы Байбұғы төбесінде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды. Егіндібұлақ - Баянауыл ауданындағы ауыл, Құндыкөл ауылдық округінің "Алексеевский" совхозының бұрынғы № 2 бөлімшесінің Гагарин атындағы бригадасы. Аудан орталығы - Құндыкөл ауылынан 16 км-дей жерде орналасқан.
Егіндібұлақ ауылының негізі 1905 жылы слынған. 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдары бойынша, Егіндібұлақ хуторында 3 шаруашылық болған, 14 адам тұрған (оның ішінде 10 ер және 4 әйел жынысты).
ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдары елді мекенде Егіндібұлақ ауылдық кеңесінің Сталин атындағы колхоз орталығының мекені болған. 1950 жылы Сталин атындағы колхоз құрамына "Одак" және 3-ші бесжылдық ұжымшары қосылды. 1957 ж. Сталин атындағы колхоз "Алексеевка" совхозының құрамына кірді. Егіндібұлақ атауының тұра мағынасы "егістіктегі бұлақ".
Жерленген адамдардың саны (егер белгілі болса)
Зират жоқ
Жақын елді мекен
Егіндібұлақ ауылы
Қысқаша сипаттамасы (ескерткіш тастың, қоршаудың болуы)
Ескерткіш тас орнатылды