Орналасқан орны
Жерлеу Құркөл ауылында М. Омаров атындағы ауылдық округінде орналасқан..
Құркөл ауылы – 2001 жылдан бастап Ақсу-Дегелең жолындағы теміржол бөлуші пункті, Құркөл ауылдық округінің орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км, Ақсу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан.
Елді мекен мен ауылдық округ Құркөл – лимнотопоним көлі бойынша аталған, тұра мағынада «құр мекендейтін көл», ал басқа нұсқа бойынша Құркөл – "кепкен көл" дегенді білдіреді.
1929 жылы Құркөл ауылында ұжымшар құрылды, ол БКП (б) ОК Бас хатшысы, Советтік мемлекет қайраткері И.В. Сталиннің (Джугашвили) (1879-1953) құрметіне аталған Сталин деп аталды.
1951 жылы Сталин колхозы құрамына "Жаңатілек" (Шөптікөл ауылы) ұжымшар қосылды. 1957 жылы Сталиннің "жеке басына табыну" айыпталғаннан кейін Сталин атындағы колхоз "Путь Ильича" совхозына қосылды (Путь Ильича ауылы). 1962 жылы Тың өлкелік атқару комитетінің №10/277 шешімімен Орталық мекен-жайы Құркөл ауылындағы "Ермаковский", "Қызылқураминский" (жалпы жер көлемі 54700 га, оның ішінде жыртуға жарамды 27840 га) совхоздарын ірілендіру негізінде Ермак ауданының "Целинный" астық совхозы ұйымдастырылды. Құркөл ауылдық округіне, 1994 жылға дейін - Целинный ауылдық кеңесі (1967 жылы құрылған), құрамына Құркөл, Смағұл және Целинное елді мекендері кіреді.
Жерленген адамдардың саны (егер белгілі болса)
белгісіз
Жақын елді мекен
Құркөл ауылы
Қысқаша сипаттамасы (ескерткіш тастың, қоршаудың болуы)
Қоршау бар, тастар ескіркіштер жоқ қуғын – сүрген және аштық құрбандарын жергенгенің айта алмаймыз ауылдың үлкендері білмейді. Белгісіз адамдар жерленген